• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
29 Тамыз, 2015

«Мектепке жол» акциясы: Игілікті іс

378 рет
көрсетілді

* 1 қыркүйек – Білім күні   Көкшетау қаласында «Мек­тепке жол» акциясы әдеттегідей жоғары белсенділік сипат алды. Дәстүрлі шарадан әрбір бала шет қалмауы қатаң қадағаланды. – Бұл орайда, арнайы жұ­мыс жоспары жасалып, 354 мұғалімнің күшімен 7440 жеке үй мен пәтерлер тұрғындарымен әңгіме өткізілді, – дейді біздің сұрау салуымызға орай қала әкімінің орынбасары Алтынай Байқадамова. – Сондай-ақ, 141 рейд шарасында балалардың тұрмыс жағдайы, ата-аналарының жұмыспен қамтылуы мен отба­сылық кіріс көлемі зерттелді. Білім бөлімінде акцияға қатысты тізім жасалынды. Мұқтаж бала­лардың барлығы жергілікті ат­қарушы органдар, мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар, еңбек ұжымдары мен бизнес құры­лымдарына бекітіліп берілді. Алғашқы күннен-ақ игі іске жұмыла кіріскен мәслихат депутаттары, мекеме басшылары, ішкі істер басқармасы мен банк қызметкерлері бірінші сыныпқа баратын 152 баланы мектеп жабдықтарымен қамтамасыз етті. Сондай-ақ, Көкшетау қалалық білім бөлімі міндетті оқыту қорынан 4280980 теңге қаржы бөліп, 934 балаға адресті көмек көрсетті. Қалалық тұрғындарды жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі де 4 миллион теңге бөлу арқылы тұрмысы нашар отбасылардың 200 баласын жаңа оқу құралдарымен қуантты. Жылда өткізілетін «Мектепке жол» жәрмеңкесі биыл «Балаларға барлығымыз көмектесейік!» ұра­нымен өткізілді. Қалалықтар өз балаларына ғана емес, өзге оқу­шыларға да оқу құралдарын са­тып алып жатты. Бұған қоса, мектеп құрал-жабдықтарын, киім-кешектерді қабылдау орны ашылып, бір мезетте толық құ­рамдағы 21 оқу құралдары жиынтығы, көптеген киім және 22335 теңге ақшалай қаражат жи­налды. Осы ретте, қаладағы мек­тептердің барлығы да биыл оқулықтармен жеткілікті дең­гейде жабдықталғанын атай кеткіміз келеді. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан». Көкшетау.